06.11.2021
362
![](/uploads/shorttexts/author_image/butterfly-flying-to-finger-girl-hand-vector-28504581.jpg)
Қажылықтың сауабынан да абзалырақ
Әбу Бәкір әл-Кәттани айтады:
«Сирри әс-Сақатидің үйіне бардым. Ол фәтит (нан туралған сорпа түрі) алып келіп, жартысын кесеге құя бастады. Мен оған:
– Не істеп жатсың? Мен оның барлығын бір-ақ ішіп тастаймын ғой, – дедім. Ол күліп алды да:
– Сенің осылай деуің (яғни достардың бір-біріне еркін сөйлеуі) сен үшін бір қажылықтың сауабынан да абзалырақ, – деді.