06.11.2021
269
Өзгені өзінен артық көру
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Абдурахман ибн Ауф пен Сағид ибн Рабиғ (р.а.) екеуін діндес бауыр дос қылған кезінде Сағид ибн Рабиғ барлық мал-мүлкін Абдурахман ибн Ауфқа ұсынды.
Абдурахман болса «Алла берекесін берсін» деп ұсынған нәрсесін өзіне ұсынды. Яғни, қабыл алып қайта өзіне ұсынғандай болды. Бұл жақсылықты қайтару.
Ал бірінші болып ұсыну бұл – исар, яғни өзі мұқтаж бола тұра өзгені артық санау болады. Өзі мұқтаж бола тұра өзгені өзінен артық көру – қайтарым жасаудан абзалырақ.
* * *
Әбу Сүлейман Дарани: «Бүкіл дүние менікі болса және оның барлығын достарымның бірінің аузына салсам да, ол үшін мұны аз көрер едім» деген.