05.11.2021
169
Оймақтай көлдің жиегі
Оймақтай көлдің жиегі,
Аққу құс ұшып киелі,
Қырын бұрып қанатын,
Қыл мойынға иеді.
Қарасудан жыртылып,
Дара тұлға құлпырып,
Буынсыз бел майысса –
Қос қанаты қайысша
Қайта-қайта созылып,
Қоғажайға тиеді.
Әуей желге ілессе,
Әсіре әуен біресе
Жіңішкеріп жібектей,
Тарайды осы түбекке.