meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.11.2021
  175


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Дәметемін, махаббат

Шын ләззат күтемін тағы сенен,
Шын рақат күтемін тағы сенен.
Дүр сілкініп жүрегім дір етті ғой,
Дәметемін, махаббат, әлі сенен.
Лебің самал желпитін жел боп жетсең,
Көңілім қалар тағы да келмей кетсең.
Қайтейін мен дәметпей, бұрында бір
Дәметкізіп, дәнеңе бермей кетсең.





Пікір жазу