05.11.2021
  132


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Құрақ жыры

Көл жиектеп желкілдейтін көк құрақ,
Жел иектеп селкілдейтін көк құрақ.,
Өсе-өсе қамыс болдың сен, міне,
Өсе-өсе жігіт болдым мен, міне.
Ей, жас құрақ, біздегі сәл айырма,
Адамға тән...Мен айтпай-ақ пайымда.
Біздің жыр да сендерге ұқсас, тек қана
Әр дауыспен айтылған бір қайырма.





Пікір жазу