meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.11.2021
  209


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Көргеннің бәрін кеудеге қамап, шегендеп

Көргеннің бәрін кеудеге қамап, шегендеп,
Көздегі нұрды ақылға матап, көгендеп,
Жиырма бестегі жабырқай ма екен жас ақын
«Күндерде бір күн бізге де қарттық келер» деп.
Қайғыру неге?..
Қайғырмаймын мен өз басым,
Қарттық та жақсы басыңнан күнің озғасын.
Бас жаққа қойған белгің де тозсын өлген соң,
Жас шақта жазған бір шумақ жырың тозбасын!





Пікір жазу