05.11.2021
  141


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Жылдар қалай зымырайды, ағажан

Жылдар қалай зымырайды, ағажан,
Шапшып аққан суларға ұқсап сағадан.
Самайыңа ақ кіреді аңдатпай
Суық қолдай жас күніңді тонаған.
Бірте-бірте көздегі үміт мұнары
Сейіледі, кеудеңе кеп тұнады.
Құйттай жүрек құйын мінез, құрғырым,
Тыпыршиды, қанадан тыс ұрады.
Қанат бұлғап қайтқан құстай төбемнен,
Күн өтеді...Көлеңкесін көрем мен.
Мені анау жыл қытықтайтын қыз даусы
Қарт әншінің әуеніндей көнерген.
Көз алдымда керуен көлбеп дәл мына,
Көнерген де, жаңарған көп орнына..
Қысқа жіптей келмесең де күрмеуге,
Қайран жастық, орның сенің толды ма?!





Пікір жазу