05.11.2021
166
Жастық
Көктемгі бір өзеннің тасқынымысың
Көбігін көкке ататұғын көкек айында.
Жаз алыс...
Аптабы сорып бастығу үшін
Жастық-ау, болсашы уайым бөтен ойыңда.
Жағаңда жап-жасыл құрақ, қурай да балдай,
Құсың жоқ шырқатпайтұғын, қондырмайтұғын.
Елесің кетерде жоқ та, туғанда бардай,
Жастық-ау, уақыт па едің қол бұлғайтұғын?..