05.11.2021
  191


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Табиғат

Нөпір де нөпір ой бұлты қалың,
Нөсерлеп бүгін тынам ба?!
Немесе түсіп торғын тұманым,
Малынамын ба мұнарға?!
Көктем сыңайы күз нышаны ма,
Өкінішті ме әлде өлара?!
Бұлтымнан өлкем сыз құшады ма,
Бәйшешекке әлде тола ма?!
Нәзік бұлттардың нұрларын күтіп,
Нөсерлер аңсап тұрғанда
Тұман түседі тұланын тұтып,
Қырауын жауып қырларға.
Қорғасын бұлтым торлаған кейде,
Тұрғанда қар боп жетер деп,
Жұп-жұмсақ тамшы сорғалар бетке
Самалдан жазғы бетер боп.
Табиғатыма таң қалам мен де
Ақын емес пе екем деп.





Пікір жазу