05.11.2021
210
Қорланға ғашық болған есіл Естай
Қорланға ғашық болған есіл Естай,
Көңілінің қаңтарылған көші жастай.
Ойлаушы ем:
«Қолы жетпей Қорланына
Жер басып жүрді екен деп несіне Естай».
Ойлаушы ем:
«Ақылға тіл төселдірген
Тағдырға жібермес деп есеңді сен».
Ойлаушы ем:
«Мен егер де Естай болсам,
Қорланға қосылам деп есен жүрсем».
Ойлаушы ем және ойлаушы ем:
«Жақсы көрсе,
Қорланға артық па деп басты берсе».
Қайырлап қалады деп ойламаушы ем,
Қос желкен қыр соңына тасқын ерсе.
Ертістің ар жағында алаңдаған,
Естайға ақындығы талан болған.
Ыстығы махаббаттың ішке түсіп,
Мұң болып сыртқа шығып аман қалған.
Кеңшілік Мырзабеков Кеңшілік Мырзабеков шығармашылығы Кеңшілік Мырзабеков өлеңдері Қорлан Естай махаббат