05.11.2021
  150


Автор: Кеңшілік Мырзабеков

Бақыт

Қарағым деймін, қайда әлгі бақыт, қайда арман
Басымызға біздің бала жылдарда айналған?..
Бұлдырап ұшып буалдыр кеште кетті ме
Қолға ілікпейтін суыртпақ сәуле сайлардан?..
Балалық бақыт, басқа да бақыт басыңда тұрса дәл кәзір,
Адам емес, сен «ақ сайтанмын» де әзәзіл.
Бақыт дейтін батпақ емес қой, бауырым-ау,
Бақытты сүйсең, батпаққа батпай таза жүр.
Балалық – бақыт.
Басқа да бақыт бар, сірә.
Бақыт қона ма бәрімізге бірдей қоңсыға?
Шыдау керек пе, жылау керек пе, білмеймін,
Махаббат жасы төге салатын тамшы ма?..





Пікір жазу