04.11.2021
333
«Тәурат рас айтты»
Кағб әл-Ахбар Әбу Муслим Хауаланиге қарап:
– Қауымыңның арасында дәрежең қандай? – деп сұрайды. Сонда Әбу Муслим Хауалани:
– Жақсы, – деп жауап береді. Кағб әл-Ахбар:
– Алайда, Тәурат кітабында «Кімде-кім әмір мағруф нәһи мүнкәр жасаса (адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйылуға шақырса), қауымының арасында жағдайы нашар болады» деп жазылыпты, – дейді. Сонда Әбу Муслим Хауалани:
– Тәурат рас айтты, Әбу Муслим жалған айтты, – деген екен.
Себебі, бір мұсылман адам адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандық атаулыдан тыйылуға шақырса, көптеген қиындықтар мен қарсылықтар кездесуі мүмкін. Ал қиындыққа тап болған адамның ахуалы жақсы болмасы анық.