04.11.2021
  277


Автор: Ғибратты әңгімелер

Тақуалық

Имам Ағзам Әбу Ханифа, имам Шафиғи, имам Ахмед бин Ханбал, имам Мәлик сынды ғұлама ғалымдар өмірлерін тақуалықпен өткізген.


Тақуалық – Алланың әмірлері мен тыйымдарының алдында өте ұқыпты әрі мұқият болу, сонымен қатар ақыретте өзіне зияны тиетін нәрселерден сақтану дейді ғалымдарымыз. Бұған бір мысал келтірер болсақ:


Бір күні киіміне тиген кішкене дақты (намазға кедергі келтіретін нәжіс болуы мүмкін) тазалап жатқан Имам Ағзам Әбу Ханифаны көрген бір кісі одан:


– Уа, әзіреті имам! Берген пәтуаңыз бойынша мына кішкентай дағыңыз намазға кедергі емес қой, оны неге тазалап әуре боп жатырсыз? – деп сұраған екен. Сонда Хазірет Имам Ағзам оған:


– Ол – пәтуасы еді, ал бұл – тақуалық болады, – деп жауап берген екен.


«Тақуа құлдарға көк пен жердің кеңдігіндей жәннат уәде етілген» (Әл-Имран сүресі, 133-аят).


Бір хадисте ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.):


«Күмәнсіз, менің достарым – тақуалар» деген. (Әбу Дәуіт)





Пікір жазу