04.11.2021
  262


Автор: Ғибратты әңгімелер

Дәрежелі тақуалық

Әли ибн Мағбад айтады:


«Үй жалдап тұрып жатқан болатынмын. Бірде жазған хатымның сиясын кептіру үшін қабырғаның топырағынан алып сепкім келді. Сол кезде «Қабырға менікі емес қой» деп ойладым. Нәпсім болса, «Қабырғадан алатын топырағың қанша болар дейсің» деп сыбырлады.


Мен де оған еріп керегімше топырақ алдым. Сол күні түсімде жаныма бір кісі келіп: «Әй, Әли ибн Мағбад! Қабырғадан алған топырағың қанша болатынын ертең білесің» деді».


Тақуалардың сақтануына қарай тақуалық дәрежелері өзгереді. Әйтпесе бұл ісіне тозақта жаза көреді деген сөз емес.





Пікір жазу