04.11.2021
2896
Әріптеске туған күнге тілек
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, әріптестеріңіздің ізгі көңілінен шыққан ақ тілектерін жолдаймыз!
Ұжымыңыз Сізді білікті де білгір, тәжірибелі де озық, сыйлы да беделді маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Осы қуанышты сәтте Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды бақыт тілейміз. Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы – мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Отбасыңыздан береке – бірлік, басыңыздан бақ – дәулет таймай, аңсаған армандарыңыздың асуына жете беруіңізге тілектеспіз!