04.11.2021
419
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған құттықтау, тілектер
Сыйластықпен үн қатар арда қазақ,
Бақ таймасын басыңнан шаттығы мол.
Әрбір күнің қазағым болсын ғажап,
Тәуелсіздік тұғырлы боп, айтарым сол.
Тәуелсіздік отыз жыл құт әкелсін,
Бар жақсыны елімізге құп әкелсін.
Алла өзі жар болып баршаңызға,
Бар бақытын екі есе қып әкелсін!
Аман болсын халқымыз, бұл еліміз,
Азат болып кең байтақ бұл жеріміз.
Тәуелсіздік мәңгілік тұғырлы боп,
Жайнай берсін құлпырып гүлдеріміз!
30 жыл тәуелсіздік бақ таймасын Азат Ел тәуелсіздік 30 жыл құттықтау тәуелсіздік 30 жыл тілек тәуелсіздікке 30 жыл тәуелсіздік 30 жылдық 16 желтоқсан тәуелсіздік күні