04.11.2021
1093

Айта бергім келеді, айта бергім!
Бір өзіңе қарасам көзім тоймас,
Егеменді тәуелсіз елім менің!
Күлім қағып Атырау, Алтай бізге,
Азаттықта жайқалған жерім менің!
Отыз жылдық азаттық есік ашып,
Кең даламды маралдай тербеп жатыр.
Тәуелсіздік біздерге бақыт сыйлап,
Құлағанға дем беріп, емдеп жатыр.
Қазақстан, Отаным, байтақ елім,
Сенде тудым, өмірге қайта келдім.
Отыз жылдық мерейтой құтты болсын,
Айта бергім келеді, айта бергім!
егемен ел Азат Ел Қазақстан 30 жыл құтты болсын тәуелсіздікке 30 жыл тәуелсіздік 30 жыл құттықтау тәуелсіздік 30 жыл тілек тәуелсіздік 30 жылдық 16 желтоқсан тәуелсіздік күні