04.11.2021
  1312


Автор: Жібек Ысқақова

Отыз жылдық мерекең!

Желтоқсаншы жастардың тілегі бар,
Тәуелсіздік құтты болсын қазағым!
Соғып тұрған қазақтың жүрегі бар,
Тәуелсіздік айнымайтын ғажабым!

Тыныштықтың күн-түні үн қатып,
Азаттықтың ақ таңы тоқтамасын!
Айбынды елім шаттықта өмір сүріп,
Ата-ана баласын жоқтамасын!

Жанарыңда мұң болмай арда қазақ,
Арта берсін бақытың, құт-берекең.
Жанымызды шаттықта қуандырар,
Құтты болсын отыз жылдық мерекең!





Комментарии

Санжар
Санжар 07.12.2021 05:44
Сен Қ.сатбаевда 5б оқисың ба
Кәусар
Кәусар 05.12.2021 15:18
Өте күшті өлең, тәуелсіздік туралы дәптеріме жазып қойдым!

Пікір жазу