04.11.2021
1565

Азат елім, ғажап елім!
Азат елім, ғажап елім — қазағым,
Бір өзіңсің айнымайтын ғажабым.
Отыз жасқа толып жатсың міне сен,
Ғайып болып басыңдағы азабың.
Сәбира мен Ләззат, Қайрат үн қосқан,
Қуат беріп, қайрат беріп көк аспан.
Тәуелсіздік есік ашты айқара,
Отыз жылдық мерекемен ұштасқан.
Құтты болсын отыз жылдық мерекең,
Оу қазағым азаттықты аңсаған.
Тәуелсіздік мәңгі болсын, тек алға,
Барлық ғалам бір өзіңе тамсанған!
Азат Ел ғажап ел тәуелсіздікке 30 жыл тәуелсіздік 30 жыл тәуелсіздік 30 жыл тәуелсіздік 30 жылдық 16 желтоқсан тәуелсіздік күні