03.11.2021
  254


Автор: Ғибратты әңгімелер

Уа, имам! Сіз абай болыңыз!

Бір күні Имам Ағзам Әбу Ханифа балшықта жүрген балаға кезігіп, оған жылы жүзбен күлімдеп:


– Балам, абайла, құлап қалма! – деді.


Бала алғыр да көрегенділік байқатқан көзімен имамға бұрылып, өзінен күтпеген мына ғибратты жауабын қайтарды:


– Уа, имам! Мен құласам, ол жай ғана әдеттегі іс болады әрі тек мен ғана зиян тартамын. Негізінде, сіз абай болыңыз. Өйткені сіздің аяғыңыз таятын болса, сізге ілесіп жүргендердің де аяғы тайып кетеді. Ал оларды аяғынан тік тұрғызу өте қиын болмақ.


Есті баланың айтқан сөздеріне аң-таң болған имам көзіне жас ала отырып, шәкірттеріне қарады да:



 


– Егер бір мәселе бойынша өздеріңе қуатты дәлел жетсе, онда маған ілеспеңдер! Исламдағы кемелдіктің белгісі осы. Маған деген сүйіспеншіліктерің мен тәуелділіктерің тек осылай ғана белгілі болады…» деді.





Пікір жазу