Бақытқа жетелейтін төте жол
Ашу – жаман мінез-құлықтың ең қорқыныштысы, апаты, ең күштісі. Ақыл-есті билеп, төстеп алатын қаһардың басы. Ашулы адам – жан дүниесі «кек, өш, кекету, жындану ұрыс-жанжал, тіпті өлтіру» секілді жамандықтарға толы. Бұл қауіп-қатерден құтылудың жолы – ашу кезінде сабыр күшін пайдаланып, тепе–теңдікті бұзбастан, тыныштық сақтау. Әбу-Дәрда (р.һ.) пайғамбарымызға (с.ғ.с.):
– Мені жәннатқа жетелейтін бір нәрсе үйретіңіз! – деп өтінді. Әлемнің мырзасы:
– Ашуланба! – деді.
Тағы басқа бір кісі пайғамбарымызға (с.ғ.с.) келіп:
– Уа, Расулалла! Көп нәрсе істейтін күшім жоқ! Маған бақытқа жетелейтін төте бір жол көрсетіңіз! дегенде, оған да:
– Ашуланба! (Бұхари, Әдеп 76; Тирмизи, Бирр 73) деп бұйырады.
Басқа хадистерде:
«Алла Тағала ашуын басқан адамның айыптарын жабады!». (Ихия 3, 372).
«Алла алдында Оның ризалығына ие болу үшін, құлдың ашуын басқаннан артық сауап іс жоқ!» (Ихия, 3, 392).
«Күшті, қуатты палуан – әркімді жерге ұрып жыққан емес, нағыз қаһарман – ашуланған кезінде өзін–өзі ұстаған жан».