03.11.2021
  137


Автор: Қази Данабев

Ей, аппақ боран, ақ боран

Ей, аппақ боран, ақ боран,
Бопытып қарды ат маған,
Менде де сендей боран бар,
Кеудемде тыныш жатпаған.
Күнімен ол да борайды,
Түнімен ол да борайды.
Аш бөрілерше қамайды,
Ақ шәлі болып орайды.
Мезгілдің сырын кім білген,
Бір күнім қымбат бір күннен.
Тыңдамай сол бір боранды,
Сапарға шығып жүрмін мен.
Жеткенше даусым шырқасын,
Жетпесе қармен қымтасын.
Қорқыныш емес қашанда
Бұрқасын үшін бұрқасын.





Пікір жазу