03.11.2021
  145


Автор: Қази Данабев

Тағдыр

О, тағдыр, сені ұғыну қиын маған,
Жастықта етек-жеңі жиылмаған.
Біреудің бақытысың – бұйырмаған,
Біреудің көз жасысың тиылмаған.
Мен мені сор демеймін жан біткенге,
Бақытқа санамас та барлық пенде.
Сен бірақ айтып тұрсың
"Ей, адамзат,
Өмірге келер болсаң, қалғып келме"





Пікір жазу