03.11.2021
  133


Автор: Қази Данабев

Қарақұмда

Тыныштық!
Тылсым тыныштық!
Селт еткен бұта көрмейсің.
40 градус!
Күн ыстық
Алысқа қара, сағымдар...
Көкжиек қуа шықты ұшып.
Нарлардай шөккен шағылдар,
Ыңыранып жатыр бүк түсіп.
Бір жан жоқ алыс, жақында,
Өлдім де ешкім ұқпайды.
Өйткені мұндай "вакуумда"
Ешқашан дымың шықпайды.
Құлазып тұрған сезімге,
Таппайсың сүйеу басқаны.
Қалтылдап күннің көзінде,
Жылап жүр жалғыз ақсары.





Пікір жазу