03.11.2021
  130


Автор: Қази Данабев

Орамал

Жоғалды жібек орамал,
Бұлқынған бұлақ басында.
Қыз тұрды зілсіз: "Ағалар,
Алсаңдар бер", - деп қасында.
Жекелеп келіп сұрар деп,
Қиығын көздің тастадық.
Жел айдап кеткен шығар деп,
Әзілге бір сәт бастадық.
Қиылтып қойған қай көрім,
Қызарып тұрды-ау алма бет.
Шын алған болсаң қайтейін,
Бермеске шара қалмап ед.
Жалт етті аппақ шағала,
"Басқа ермек мұнан жоқ па", -деп.
Ойнай да білмес ағаға,
Шынымен кетті өкпелеп.
Келбетке керім сай тұлға,
Тағы бір барып көріңдер,
Ойнаған болсаң -
Айтыңдар,
Алғаның қайтып беріңдер.





Пікір жазу