02.11.2021
312
Дәптер
Аялаған ақ дәптер,
Аппақ дала секілді.
Ақ қаламым ақ кептер,
Өрнектейді бетіңді.
«Ата» десем ақ дәптер,
«Бата» берді «5» пенен.
Қата кетсем ал егер –
Қарайды «2» сеспенен.
Үйренбесем сәл тынып,
Ұяламын дәптерден.
Білім ғана мәңгілік,
Бақыт берген, бақ берген.
Жәди Шәкенұлы Жәди Шәкенұлы өлеңдері Жәди Шәкенұлы шығармашылығы дәптер Қалам балаларға арналған өлең