02.11.2021
785
Әкеге арнау
Сөзі мен әні Әкім Ысқақтікі
Киелі менің құнды әнім,
Қадірлім, асқақ тұлғалым.
Өзіңсің әке, мерейім,
Жүрекпен жазған жырларым.
Қайырмасы:
Әкешім, шуақ шашқан таң нұрымсың,
Қазынам, ар-намысым, тағдырымсың.
Сыйлаған бар жақұтты өміріме,
Тең келмес еш нәрсеге байлығымсың.
Әкешім, әкетайым, әкешім,әкетайым.
Бағаң бар қымбат басқадан,
Сен барда әркез шат болам.
Мінезі көркем, сабырлы,
Жанары тұнық жақсы адам.
Биіктік көрем өзіңнен,
Шежіре көрем сөзіңнен,
Осынау шерлі өмірге,
Қарайсың жүрек көзіңмен.
Қайырмасы