02.11.2021
420
Қыр гүлі
Әні мен сөзі Әкім Ысқақтікі
Қыр гүліндей аязға тоңбаған, ыстыққа күймеген, руханият әлемінің шырақшысы Әлима Сүннатіллақызына арналады
Арман алға тартқанда,
Үмітіңді жалғадың
Тағдыр сыны артқанда,
Ар-намысты таңдадың
Қ/сы:
Қыр гүлі,
Жақұт болып ашылдың!
Қыр гүлі
Көзіндейсің асылдың,
Өзіндейсің жасынның!
Қыр гүлі, Қыр гүлі
Сенде сыр бар қаншама,
Көтерген жыр салмақты
Мейірім төккен баршаға,
Гүлсің көркем ардақты!
Түркістан ғой тұрағың
Киеліктен жаралған
Жақтың өмір шырағын,
Талай жандар нәр алған