02.11.2021
2470
Көңіл қымбат
Сөзі мен әні: Әкім Ысқақ
Өмір осы жақындар алыстағы.
Жақынның да болады алыстауы.
Не жетеді пендеге адалдықпен,
Көңіліңді кірлетпей табысқаны
Қайырмасы:
Бұл фәниде қашанда өмір қымбат,
Өмір қымбат адамдық сенім қымбат.
Байлығы да дүние бәріненде,
Көңіл қымбат, көңіл қымбат.
Жақсы жандар жүректе қалады анық.
Достарыңда шығады сараланып.
Суығына даланың жаурамайсың,
Салқын сөзге қаласың жараланып.
Арман қуып өмірден іздедім бақ,
Әрбір таңың ататын бізге жұмбақ.
Адалдықтың шыңы ғой түсіністік,
Көңіл деген сіз бенен бізге қымбат.