02.11.2021
  405


Автор: Әкім Ысқақ

Гүл көктем

Нәзік сезімге толы нұр болып,
Шуақ шашады сұлу ақ таңым.
Әлдилеп жанды, көңіл тербетер,
Әуендер әсем гүлдер бақтағы.

Келгенде күліп ару гүл-көктем,
Жапырақ жасыл тағы дір еткен.
Өртеніп қалқам сен де кетер ең,
Мендегі осы жалын жүрекпен.

Барлық сынақты бастан өткеріп,
Мазалар мені мәңгі сұрақ бұл.
Білгендей бұлттар сыршыл жанымды,
Сұлу көктемім үнсіз жылап тұр.

Көктемім шуақ-ғажап өмірім,
Күндей күлімдер көркіңе табынам
Ұқшы бұлақтай мөлдір сезіммен,
Аяулым іздеп сені сағынам.





Пікір жазу