02.11.2021
  405


Автор: Әкім Ысқақ

Алтыным!
Ешкімді де жек көрмеші. Жасаған қателігін кешіре біл!
Бәрін, бәрін жақсы көруге тура келеді.Себебі, жақсылықты алдан күтетін ол да адам ғой. Ешкімді алалаудың қажеті жоқ!Бәрін сүйе біл! Ол да бұл жалғанның мәңгілік тұрғыны емес, бар жоғы қонағы ғана емес пе?!
Түтіні бүтін, төртеуі түгел ешкім жоқ!
Ия, біреудің байлығы жоқ! Ал біреудің алып жатқан айлығы жоқ! Біреудің сүйеу болар досы жоқ! Біреуде соңынан ерген бауыр жоқ! Ал біреуде бала жоқ! Ал біреудің аялайтын ата-анасы жоқ! Жақыны жоқтың жақынындай болып сүйші оларды! Бауыры жоқтың бауырындай, ауылы жоқтың ауылындай бола білші! Жарыққа, ізгілікке зәру пенделер бар жоғы бір жылу күтеді, тамшыдай болса да соны тарту ете білші.Бәрін-бәрін сүйе біл! Кемшіліктеріне қарама, бәрін-бәрін бағала! Жетім көңіл шырылдай ұшқан шағала!
Өмірге нәресте болып келіп, бала боп кеткендер қаншама?! Келген жанның кететіні анық. Тек өмірге өкпелеп күйіп кетпесінші.Бұл дүниеде ешкімге өкпелеуге болмайды! Пендешілікке пендешілікпен жауап бермеші.Қайта бір жақыны бар екенін сезінсінші! Өміріміз осынысымен көркем емес пе?! Біреу сені жек көрді деп біз де жек көрсек бұл өмірде не мағына қалады.
Адамдар, мен сендерді сүйемін, бар болғандарың үшін!





Пікір жазу