02.11.2021
316
Күнім шықты деп қуанба, оның батуы да бар екенін ойлағын.
Жарығым жанды деп қуанба, оның сөнетін кезі де болатынын ұмытпа.
Есігім ашылды деп мәз болма, ол есіктің жабылып қалатын да сәті бар.
Досым көп деп мақтанба, мына жалғанда доссыз қалатын да күн болуы мүмкін.
Асылың, гаухарың, алтының көп болса да пайдаға аспайтын сәттері бар.
Қара түнекке кіріп кеттім деп қапаланба, күте білсең қара бұлт ыдырап, күн шығады.
Саған қиянат жасады деп қайғырма, бұл да өмірдің бір сабағы деп біл.
Өзгеге арқа сүйей берме, бәрібір өзіңе қажеттіні өзің шешесің.
Аспаныңды бұл басты деп қамықпа, көңіл-аспаныңның күнін жарқырата білу өз қолыңда!