02.11.2021
290
МЕН СЕНІ СҮЙЕМІН!
Ия, мен сені сүйемін!
Сенсіз өмір сүру мүмкін емес!
Ғашықпын деп айта аламын.Осы сөзімді қайталаудан ешқашанда жалыпас ем.Бұл ойымнан айныған емеспін, айнымаймын да! Рас, қанша қиындығыңды, жанымды ауыртқан азабыңды тарту етіп келсең де бәрібір сүйіп өтемін.
Ия, маған қалай қарасаң да бәрін сезіп жүрген жүрегім тек сен деп соғады.Тек сен деп жанымның жарығын арнайды.Тек сен деп қандай сәтте де үмітін үзбейді.Ақырғы демім біткенше, жүрегімнің дүрсілі тоқтағанша, жанымның жарығы сөнгенше сүйемін, сүйе беремін. Өйткені сен мен үшін өте, өте қымбатсың! Өйткені сен мен үшін үшін таусылмас ғажайып әлемсің!
Мен сені, мен сені...мәңгілік
сүйіп өтемін, Өмір!