02.11.2021
1528

Аталар батасы
Көпшілік бата берейін,
Қолдарыңды жайыңдар!
Осы отырған кілең жас,
Қабыл етіп алыңдар!
Абай менен Мұхтардай,
Білімді адам болыңдар!
Аталарың Жамбылдай,
Бәріңде жүзге толыңдар!
Тәттімбет пен Динадай,
Елден асқан атақты,
Домбырашы болыңдар!
Күләш ұқсап әйгілі,
Түрлі әнге салыңдар!
Бастарыңа бақ қонсын,
Бәрі содан табылар!
Ата-ана тілектес,
Көрмесе бізді сағынар.
Туыстардың бәрі де,
Аман болсын осылар!
Әумин!