02.11.2021
908
Жас келінге бата
Құтты болсын қадамың,
Аллам саған бақ берсін!
Қуана түссін жанарың,
Бар жақсылық тап келсін!
Қосағыңмен қоса ағар,
Бар жақсысын нақ берсін!
Келін болдың қарағым,
Қуанышы көп сәт берсін!
Әр қадамың оң болып,
Шаттығыңды ап келсін!
Ата-енеңді бақытты ет,
Бағалы сәтті уақытты ет,
Шаршамағын, талмағын,
Жамандыққа бармағын.
Бар жақсыңды қарағым,
Отбасыңа арнағын!
Үбірлі бол, шүбірлі,
Әулет бағын жалғағын!
Әумин!