02.11.2021
  1946


Автор: Жібек Ысқақова

Жас жұбайларға бата

Қол ұстасқан жас жұбайлар!
Шаңырақтарың кең болсын,
Терезелерің тең болсын!
Аспандарың ашық болсын,
Қиындықтар қашық болсын!
Ақ отауға бақ қонсын,
Сендерге Алла жақ болсын!
Отауларың дара болсын,
Ішінде ойнаған бала толсын!
Сыйластықтарың арта берсін,
Жақсылық үн қата берсін!
Табыстарың мол болсын,
Әр қадамдарың оң болсын!
Көңілдерің тоқ болсын,
Уайымдарың жоқ болсын!
Жаратқан ием қолдап, қорғап,
Шаттықтарың көп болсын!
Әумин!





Пікір жазу