02.11.2021
2515
Көпшілікке қарапайым бата
Ел-жұртымыз аман болсын,
Тыныш, бейбіт заман болсын.
Жақсылыққа бастайтын,
Мейірімді адам болсын.
Бар әлемді жаулап алған,
Ауру-сырқау тамам болсын.
Әкені тыңдар бір айтқанда,
Ақылды ұл балаң болсын.
Ана сөзін жай қалдырмас,
Биязы қыз балаң болсын.
Ел мерейін өсіретін,
Сөзге шешен данаң болсын.
Әрбір істі бастайтұғын,
Басар сәтті қадам болсын!