02.11.2021
3133

Ақ бата, қарапайым бата
Қанекей бата берейін,
Бақ-береке орнасын.
Әрбіріңді әрқашан,
Жаратқан ием қолдасын.
Саулықтарың мықты боп,
Қанаттарың талмасын.
Жорытқанда бір Алла,
Жақсылығын жолдасын.
Жамандықтан лайым,
Жаратқаным қорғасын.
Әрбір үйде Құдайым,
Қиындықтар болмасын.
Сыйластықтар орналып,
Уайымнан жан солмасын.
Ақ батамыз қабыл боп,
Болып әркез көңіл тоқ,
Бар жақсылық орнасын!