02.11.2021
427

Оралшы жаным қайтадан
(әні мен сөзі автордікі)
Таусылып тағат, амалым,
Өртеніп босқа барамын.
Көңілдің нұрын көзімнен ұғын,
Моншаққа толды жанарым!
Уайымсыз, мұңсыз жан деме,
Толқытты мені әлдене.
У ішсе жүрек, бөлінсе тілек,
Келмейсің жаным, сен неге?!
Тасынған кейде көлдейсің,
Шөліркеп бірде шөлдейсің.
Сагыныш кернеп, бойымды тербеп,
Жаным-ау, неге келмейсің?
Сезімнің күйін шайқаған,
Сен жайлы бүгін айтам ән.
Көкіңмен нәзік, дертімді жазып,
Оралшы жаным қайтадан!