01.11.2021
  269


Автор: Әкім Ысқақ

О, Өмір!

О. Өмір!
Жанымның бір аңсары ма ең,
Ынтыққанмын нұрыңа таң сәріден.
Жеңіліс, үмітім де, жеңісім сен,
Шыдамаспын қалайша Сен үшін мен!
О Өмір!
Таудай алып сен асқақсың,
Қалай ғана көңілім толас тапсын.
Мұңым да, қуанышым, өкінішім,
Белесіңнен мұқалмай өту үшін!
О Өмір!
Жолдарың бар қиыспаған,
Қадірлеуге бір-бірін тиісті адам.
Адамдықты көтеріп ту ұстаған,
Жанның бәрі жақыным туыс маған!
О Өмір!
Сағындырған сағым белім,
Мәңгілік саған ынтық жаным менің!





Пікір жазу