01.11.2021
325

Сенім
Жылытқан жанды лебізсің,
Ізгілікпенен егізсің,
Толқыған кейде теңізсің,
Адамға деген сенімім!
Жаныңды кейде жылатқан,
Жасыңды сүрткен жұбатқан,
Бақыт боп жеткен жырақтан,
Адамға деген сенімім!
Кеудеме жарық бересің,
Үмітті жағып келесің,
Сүйреген өмір кемесін,
Адамға деген сенімім!
Сенімсіз өмір жоқ мәні,
Сәулелі шақтың ақ таңы,
Көңілдің сенсің оттары,
Адамға деген сенімім!