Фариза Оңғарсыноваға
Ақынсың, Апа, Махаббат мұңын қозғаған,
Кеудеңде сезім, алау боп мәңгі маздаған!
Жан-жүрегіңнің өзі боп соққан дүрсілден,
Сілкініп түлеп айналды жырға боз далаң.
Көңілің құштар – Өлеңнен өрнек іздеген
Шаттықтан, мұңнан жаралған жансыз Сіз деген.
Сіз бірге ғұмыр кешесіз мәңгі Жан-апа,
Жап-жасыл Көктем және де қоңыр Күзбенен!
Алай да дүлей іштегі дауыл сезілмей,
Кездерің аз ба, жыр жазған түнде көз ілмей.
Ақ қайың билеп, көк нөсер көктен селдеткен-
Жан бар ма, Апа, Өмірді білер өзіңдей!
Әр жырың мына тағдырдан берген хабаршың,
Өткеннен жеткен күндерден бақыт табарсың
Қолыма алып оқиын отты жырыңды,
Менің де дауыл көңілім бір сәт тазарсын.
Адамдар бар ма тағдырдан азап шекпейтін,
Бұл басып кейде түнерер, шуақ төкпей Күн,
Шынарсың, Апа,өрмелеп өскен құздағы,
Көктемде, қыста Жапырағы мәңгі көктейтін!