01.11.2021
339
Бөржарым
Сенде өтті бал шағым,
Өзіңді аңсадым, Бөржарым!
Емдеген жараны,
Мен үшін бағалы көл, жарың.
Толтырып жақұтқа,
Бөлеген бақытқа жанымды.
Сенсің ғой тірегім,
Өзіңді жүрегім сағынды.
Шуақ-нұр кешіңде,
Ойнаған төсіңде күндерім.
Алыста жүрсем де,
Бәрі де есімде өзіңмен біргемін.
Жүрсем де мен шетте,
Жыраққа кетсем де, киелім.
Бал күнім өткен жер,
Үмітім тек сенде, жаныммен сүйемін,
Бөржарым!