01.11.2021
499
Туған жер
Көліңменен,
Беліңменен сырластым.
О, туған жер!
Сеніменен мұңдаспын.
Жүрегіме сағынышың саф тұнып,
белдеріңде бетегеңді бір бастым.
Қиялыммен,
қырларыңды кеземін,
Жұпар иісті гүлдеріңнің өзі едім.
Жалғыз соқпақ жолдарынды көргенде,
Өртенеді бүкіл тамыр - өзегім.
Бөржарым – ау, баға жетпес байлығым.
Сенсің менің, барым-нарым, ай – күнім.
Қай қиырда, қай қалада жүрсем де,
Саған қарай от құшағын жайды ұлың.
Сенен артық еш мекенді таппаймын.
Маңдайымды самалыңа қақтаймын.
Дүрсіл қаққан жүрегімде мәңгілік
Өзіңде өткен бал күнімді сақтаймын