31.10.2021
  3175


Автор: Жібек Ысқақова

50 жас, сіңіліме туған күнге тілек

Гүл жайнаған, құлпырған жан сіңілім,
Көңіліңде болмасын ешбір мұңың.
Елу жасқа толып жатсың сен мінеки,
Құты болсын сіңілім туған күнің.

Бар жақсыны тілеймін мен өзіңе,
Мұң шалмасын деп жаным жүзіңе бұл.
Немереңнің қызығына тоймай, тойлай,
Шаттығына кенеле бер өмірде бұл.

Бар жақсысын сыйласын Алла саған,
Қуанышын дайындап алда саған.
Жастан жасқа жете бер жан сіңілім,
Өз ортаңда абыройың, артып бағаң.




Пікір жазу