31.10.2021
1458
ІНІ: мерейтой 50 жасқа туған күнге тілек
Көңілі кең даламдай жан бауырым,
Құтты болсын мерейтойың бүгінгі.
Елу жасқа қадам бастың Алла жар боп,
Нұрландырсын жаңа жасың әр күніңді.
Армандарың орындалсын сен аңсаған,
Аман болып бауырым бала-шағаң.
Немерелер қызығына тоймай-тойлай,
Жүре бергін жан інім есен-аман.
Көңіліңде шаттығың ортаймасын,
Бал өмірің бауырым гүл жайнасын.
Қызығына өмірдің бөлене бер,
Бұл өмірдің қиындығы байқалмасын.
ініме тілек Құттықтау ініге тілек туған күн іні 50 жас мерейтойға тілек мерейтойға тілек мерейтой 50 жас 50 жасқа тілек