meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  31.10.2021
  1641


Автор: Жібек Ысқақова

Аға: 40 жас мерейтойға туған күнге тілек

Қырық жасқа толдыңыз аға бүгін,
Құтты болсын жан аға туған күнің.
Қырық жасты еңсердіңіз Алла жар боп,
Шығып аға бұл күні шаттықта үнің.

Бар жақсыны тілеймін өзіңізге,
Орындалсын арманыңыз, мақсатыңыз.
Жайма шуақ көңіліңіз жайнасын тек,
Биіктерден естіліп жақсы атыңыз.

Жастан жасқа жетіңіз амандықта,
Шад шадыман көңіліңіз болып нұрлы.
Бақыт, шаттық тілеймін ағатайым,
«Қуанышпен өткер» деп әрбір күнді.




Пікір жазу