30.10.2021
  1419


Автор: Жібек Ысқақова

25 жас, інім туған күніңмен

Жиырма бес жас келді өмір шырыны,
Айқай — пай-пай дүниенің қызығы.
Құтты болсын жиырма бесің бауырым,
Келіп жеткен жиырма бестің ғұмыры.

Жиырма бес жас жалғаса берсін бауырым,
Алла жар боп амандықта тағы да.
Екінші мүшел есігін ашты айқара,
Жалғаса берсін жан інім бұл жас бағыңа.

Бақытты бол, әр қадамың оң болсын,
Жалғасын тауып тәтті арман, мақсатың,
Бар әлемге таныла бергін лайым,
Әрқашанда бауырым шығып жақсы атың.





Комментарии

lazzat
lazzat 06.05.2022 23:49
Kermit!

Пікір жазу