30.10.2021
  134


Автор: Серік Сағынтай

Менің демоным

Сіздің өмір айт пен той, дырду-думан,
Біздің тірлік сымбатты сырдан ада.
Сен зымыра, сұр мұзда сырғана да,
Ал мен шырақ жағамын бір молада.
Менің әлсіз шырағым өшпек емес,
Сен білмейсің не екенін от пен Күннің,
Сенің Күнің — көк аяз көктеңбіл күн,
Сенің отың — туысы шөккен күлдің.
Менің молам — өз молам, күмбезі көк,
Қоңыр топырақ, әлсіз шам діріл қағад.
Сен адассаң зәузаттан зырылдап-ақ,
Сенің көрің жымысқы жылым болад.
Мен өкірем, өкірсем өз көрімде,
Сен тіл қатпай, қатасың, тұншығасың.
Маған берсе кебін ғып Күн шұғасын,
Саған суда жағады кім шырасын!
Мен аруақ боп Ай жақтан аян берсем,
Су бетіне сен қалқып бір шығасың...
29.01.1998.




Пікір жазу