30.10.2021
139

Күнпаякүн
Қатпар-қатпар қара түн,
Ақ қар жапқан тұл дала.
Қарға-құзғын қанатын
Қанға малған, былғаған.
Сары сайтан сақ-сақ күл,
Сабыры қашқан құдайдың.
Жанымды жаншып бақ-сатқын,
Жадағай көңіл жылаймын.
Моланың есігі шиқылдап,
Азалы күй бітіп барады.
Өмірі үзілді күй тұрмақ,
Беймаза, бетпақ даланың.
Жамылды дала кебінін,
Құдайды қарғап қызыл гүл.
Тонап ап дүлей өмірін,
Шөпжелке-тағдыр үзілді.
Болмыссыз баз кешіп бар жалған,
Уақытсыз түнек бас алып.
Құдайдың өзіне арналған,
Бір табыт жатыр жасалып!
Ақ қар жапқан тұл дала.
Қарға-құзғын қанатын
Қанға малған, былғаған.
Сары сайтан сақ-сақ күл,
Сабыры қашқан құдайдың.
Жанымды жаншып бақ-сатқын,
Жадағай көңіл жылаймын.
Моланың есігі шиқылдап,
Азалы күй бітіп барады.
Өмірі үзілді күй тұрмақ,
Беймаза, бетпақ даланың.
Жамылды дала кебінін,
Құдайды қарғап қызыл гүл.
Тонап ап дүлей өмірін,
Шөпжелке-тағдыр үзілді.
Болмыссыз баз кешіп бар жалған,
Уақытсыз түнек бас алып.
Құдайдың өзіне арналған,
Бір табыт жатыр жасалып!